Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
«Абай әлемі және рухани жаңғыру»

23. 08. 2017 жылы Абай ескерткішінің жанында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай әлемі және рухани жаңғыру» атты үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Осы іс-шараға «Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» де қатысып, кітап көремесін ұйымдастырды. «Абайдың мұрасы қазақтың ең қасиетті қазынасы» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесіне ұлы ақынның төл шығармалары, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушысы Абай туралы ақын-жазушыларымздың шығармалары, аудармалар, анықтамалық құралдар қойылды. Дәйексөздермен қоса алғанда барлығы 75-тен аса туындылар қойылған кітап көрмесі арқылы кітапхана өзінің ең басты мақсаты -Астана тұрғындары мен қонақтарын кітап оқуға баулу, кітапхананың маңыздылығын әсіресе оқырманның өз білімін өзі жетілдіруде алатын орнын атап көрсетуді орындай алды.