Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Кітапханалар туралы

Бүгiн бiздiң елiге бiлiмді, саналы, демек оқитын адамдар керек.  Елдiң қоғамдық-мәдени  өмiрінде кiтапханалардың рөлiн қайта бағалау қиын.

Бiздiң кiтапханалар ақпараттық, білім беру және мәдени  орталық ретінде  өз әлеуметтiк міндетін орындайды, мәдени мұраны  сақтауда, жас ұрпақты рухани-адамгершiлiк тәрбиелеуде  маңызды рөл ойнайды.

Қалалық  кiтапханалар  жүйесінiң торабын дамыту және өзгертуде саясат, , экономика,  әлеуметтiк сала  төңiрегiнде  болып жатқан өзгерiстер үлкен ықпал етеді. Бұндай бастамаларда қалалық өкiмет органдары да үлкен көмектерде береді.

ОКЖ кiтапханаларының алдындағы келесі мақсат – кiтапханалар-фиалдары жұмысына жаңа технологияларды  енгiзу  негiзде ақпараттарға, Internet желісі қорларына тегін қолжетімділікті қамтамасыз ететіп, қолданушыларға ақпараттық қызмет керсету деңгейiн жоғарылату. 

"2011-2015 жылдарға қаланың жүйе кiтапханалары ақпараттық инфрақұрылымын құрастыру және дамыту  стратегиялық жоспары" дайындалып жасалды.

Жоспар кiтапханаларға берілген бюджеттiк лимиттермен өзара байланысындағы үш жылдық мерзiмге негiзгi стратегиялық бағыттар, мақсаттары мен міндеттерін қарастырған. Қойылған мақсаттар және міндеттерді орындау бағытталған өзара байланысты ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық, қаржы және техникалық кешендi шаралар   белгіленген.

Дәл осылай кiтапханалар торабын дұрыс және тұрақты дамытуын қамтамасыз ету үшiн   2011-2015 жылдарда қала  жүйесi  кiтапханаларын  «"Бюджеттi жоспарлау ұзақ мерзiмдi жобасы" дайындалған.

 Жаңа технологиялардың белсендi енгiзу кiтапханалық жұмыстың тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуының перспективасы жаңа жолдарын ашады,  қалалық кiтапханалар қызметiнiң өрiсiн кеңейтедi.

Кітапхананың негiзгі міндеті – тұрғындардың ақпараттық қорларға,  еркiн, тегiн қол жетіміне жағдай жасау, көпшілік қолданушылардың   компьтерлік сауаттылығын  жоғарлату.

Барлық кiтапханаларда қолданушылары ыңғайлы болу үшiн тегiн Internet орнатылған.

Бұл тұрғындарға, оқырмандарға Internet желісін  пайдалана отырып ҚР  үкiметiнiң ресми сайттарына шығып және өз сұрақтарына жауаптар алуға. мүмкiндiк бередi,

Бүгіндері ОКЖ компьютерлік парк   – 133 компьютерді;  4 дана видеопроектор; А3 1 дана көшірмелі аппаратын;   22 дана  А4 принтерді; А4 түрлі-түсті принтерді; 27 дана көп қызметтi құрылымдар; 17дана сканеров.  17 кітапхана Интернет желісіне қосылған.

Компьютерлік сыныптар  М.Әуезов атындағы  Орталық қалалық кітапханасы және Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы;  №5; № 15 көпшілік кітапханасында;       

№3; №5 балалар кітапханасында жұмыс істейді.

           Компьютерлер сыныптарында қолданушыларға үнемі «Компьютерлік сауаттылық» тақырыбында кеңестер мен мұрақтары бойынша көмектер беріліп отырады. 

СД – зал, компьютер класстары жұмыстары белсенді жұмыс атқаруда. Internet қорларын, электронды жеткiзуштер қорларын қолданушыларының саны ұлғаюда.  

№5;№ 15; №14 көпшілік кітапханаларында; №3 балалар кітапханасы және Орталық балалар және жас өспірімдер кітапханасында компьютерлік сыныптар жұмыс істейді, оның барлығы Internet желісіне қосылған.

Келесі жұмыс әдістері қолданушыларға кеңінен қолданылады – Компьютерлік сауаттылық күндері, Ақпараттық мәдениет мектебі.

 

Астана қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кiтапханалар  жүйе" ММ

кәмелентке толмаған балалармен жазғы демалыс уақыттарында

кiтапханалардың өткiзген жұмыстары туралы  

 

 

"2011-2012 жылдарға жазғы демалыс уақытында  балалар  мен жасөспірімдерің  демалыс, сауықтыру және бос уақыттарын ұйымдастыру туралы» " 18.05.2006 жылғы №132  Қазақстан Республикасының Премьер-министрi ұйғарымына сәйкес қалалық кiтапханалардың жазғы демалыс уақытында өткiзген жұмыстары.

Бiздiң кiтапханалар соңғы кездері "қадағалаусыздықтың алдын-алу алаңдары"  болып қалыптасауда, бұл оның әртүрлi  әлеуметтiк тұрғындарға,   соның iшiнде  қолайсыз отбасылары және «қиын топтағы» отбасылар балаларына қолжетімді-ашық  мәртебесiне байланысты. 

Әсiресе  алдын алу қызметi жазғы мерзiмде өзекті, бұл тап сол, жазғы мерзiмде бiлiм беретiн мекемелердiң қызметі тоқтап тәрбиелiк ықпалы едәуiр бәсендеп немесе тоқтайтын кезі.

Орталық қалалық кітапхана "Кiтапхана – жастарды iскерлікке және ақпараттық бейiмдеу орталығы", №5 көпшілік кітапханасы «Кітапхана– салауатты өмір салты орталығы»  осы мамандану  бағыттарында жұмыс атқара отырып кітапхана  мамандары, алдыға қойған   бұл бағытты  ең тиімді деп санайды:

      нашар отбасы балары үшін психологиялық жайлы кеңістікті ұйымдастыру;

өмірдің қиын жағдайларына тап болған жасөпірімдерге  (моральдық, психологиялық және т.б.) көмек көрсету; бос уақыттарын қамтуды ұйымдастыру; ата-аналарды балалардың  проблемаларын шешуге тарту; қоғамның көңілін әлеуметтік жетімдік және қадағалаусыздық  проблемаларына аудару.  

Кітапхана қызметкерлері жазғы демалысты жүйелі түрде қызықты, тартымды етуге тырысты: жазғы демалыста балалардың бос уақыттарын алуан түрлі шаралармен аулады, Қазақстан және шетел жазушылары шығармаларымен таныстырды, табиғатты қорғау қажет екенін естеріне салды, балалардың өткен тарихтарға   қызығушылықтарын тудырды.

Отбасылық-психология тақырыбына  трениг-әңгімесі өтті, онда  өмірдің қиын жағдайларына тап болған жасөпірімдерге кеңестер және психологиялық көмектер берілді.

Әртүрлі  әдеттерге тәелділіктің алдын алуға арналған «Бұл туралы ойланған қажет»; «Зиянды әдеттер туралы» көрме-шолулар, белсенді демалуға, спортпен шұғылдануға арналған   «Мейірімді алақан шеберлігі»; «Оқы, ойлан, жаса» әңгіме-шолулар  ең әсерлі шаралар деп  айтсақта болады.    

 Жаз айы бойы «Оқы, Астана!» -акциясы бойынша кітапқа өз сүйіспеншілігін көрсететуші үлкен қуыршақтар№5 көпшілік кітапханалары терезелерін әсемдеп тұрды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды «кітап хандығына» шақырды, онда жаңа әдебиеттермен танстырды, тапқырлық  және ұғымталдығын  көрсетуге немесе  жай ғана танымдық ойындар  ойнауға мүмкiншiлiк бердi.

№12;№14;№15 көпшілік кітапханаларында  «Мамандықтар әлеміне саяхат» жастарр кәсiби бағдары күні өтті. 

№3 балалар кітапханасы бірнеше жылдар бойы Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығымен (УОБОО), №8 көпшілік кітапхана   Паналау үйі  балаларымен жұмыс жүргізу тәрбиешісімен бірлесіп  тығыз байланыста жұмыс істейді.

          Осы  кітапханалар қызметкерлері  алдын –алу жұмысын іске асыруда «Жаз- жоғалту кезеңі емес,тапқырлар уақыты» тиімді жоспарын жасады.

          Бұл жоспар әйгілі кітапханалық әдістерден тұрды: қуыршақ кіші-театры қойылымдары, ойын-шолулар, әдеби саяхат, сайыстар, сұрақ-жауаптар сайыстары.

       Мысалы «Ертегіде қонақта»   әдеби саяхат; «Маусым гүлтәжі» гүлдер мерекесі; Паналау үйінің кәмелетке толмаған балалары болып қайтқан «Арман» (Алексеевка); «Батыр» (Ерментау)  лагерлері аудиторияларында өткен «Адам айтқысыз шай кеші» және басқада қызықты өтті. №8 көпшілік кітапханасы паналау үйі балаларымен лагерде бірнеше күндерді бірге өткізіп келді.

           №3 балалар кітапханасы  УОБОО  балалары үшін «Ғажайыптар мен сиқыр әлем елі» ертегілерге саяхат; «Балақай, бақытты болып өс!» құқық сабағын ұйымдастырды.

        УОБОО мекемесінің ұстаздары мен тәрбиешілері кітапхананың осы көмегін лайықты бағалап көп жылдар ынтымақтастықта жқмыс тақарып келеді. 

Барлық жұмыстың мақсаты - жасы кәмелетке толмаған оқырмандардың көшеде  қараусыз қалуын қысқартуда кiтапханада,  психологиялық және әлеуметтiк көмек алуға , мәдени дәрежесiн арттыруға мүмкiндiк беретін кеңiстiк  жасау.