ГУ «Централизованная библиотечная система»
Жазғы паркте кітап оқуға шақырамыз!

«Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» кітапханашылары 19 тамызда «Арай» саябағында өткен «Мамандар қаласы» жобасының жоғарғы дәрежеде өтуіне өз үлестерін қосты. Кітапханашылар балалар мен жасөспірімдерге арнап оқу және сурет салу бұрышын ұйымдастырды. Балалар кітап оқып, сурет салумен қатар, сыйға тартқан кітаптарды, сурет дәптерлерін, бояуларды алып, қуанды. 
«Мамандар қаласы» жобасы Астанада бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Балалар мен жасөспірімдерге арналған Интерактивті қалашыққа келушілер сол күні сатушы да, мұғалім де, өрт сөндіруші де, дәрігер де, әртіс те бола алды.

 

    

 

   

Көпшілік жұмыстары қызметінің жетекшісі Сейдахметова С.Д.